Ғалымдар бір ай ішімдіктен бас тартудың нәтижесі қандай болатынын айтты

0
1 711

Ішімдік ішуден бас тартқан адамдардың 88 пайызының ақшасы үнемделген.


Ғалымдар бір ай ішімдіктен бас тартудың нәтижесі қандай болатынын айтты

ERNUR.KZ. Ұлыбританиялық Сассекс университетінің ғалымдары "Құрғақ қаңтар" байқауының нәтижелерін қорытындылады, онда қатысушылар бір ай бойы ішімдік ішуден бас тартқан деп жзады tengrinews.

Акцияға 800 адам қатысты. "Құрғақ қаңтардан" кейін бір жыл ішінде ғалымдар қатысушылардың денсаулығының жай-күйі туралы сұрастырып, оларды өлшеп, диеталық әдеттерге қатысты өзгерістерді зерттеді. Зерттеу нәтижесі бір ай ішімдіктен бас тартудың ағза тонусын көтеруге, терінің күйін жақсартуға, сондай-ақ алкогольді тұтынуды төмендетуге ықпал ететінін анықтады.

Осылайша, флеш-моб қатысушылары арасында "алкогольдік күндер" орташа есеппен аптасына 4,3-тен 3,3-ке дейін төмендеді, тұтынылған алкоголь көлемі 8,6-дан 7,1-ге дейін азайды, ал субъектілер ішуді азайтқан күндер саны айына 2,1-ге дейін қысқарды. Сонымен қатар, ішімдік ішуден бас тарту қатысушылардың 88 пайызының ақшасын үнемдеген.

Ұлыбританиялықтар "құрғақ қаңтар" нәтижесінде мыналарды аңғарған: "ішімдікке деген көзқарасын қайта қарастыруды" (82 пайыз), ішімдік ішу кезінде өзін-өзі бақылауды күшейтуді (80 пайыз), ұйқының жақсарғанын (71 пайыз), дене салмағының төмендегенін (58 пайыз), зейіннің жақсарғанын (57 пайыз).