Ғалымдар қорқынышты түстердің пайдасын анықтады

0
1 494

Мамандар жүргізген ғылыми тәжірибеге 18 адам қатысқан.


Ғалымдар қорқынышты түстердің пайдасын анықтады

ERNUR.KZ. Женева университетінің ғалымдары америкалық әріптестерімен бірлесіп, қорқынышты түстердің адамның жүйке жүйесін "жаттықтыруға" көмектесетінін анықтады. Нәтижесінде адам шынайы өмірдегі күйзеліс жағдайларына төзімді бола түседі екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғалымдардың сәйкес зерттеулері Human Brain Mapping журналында жарияланды.

Мамандар науқастарды мазасызданудан арылту үшін терапиялық тәсіл ретінде түске жүгінуге болатынына сенімді.

Олар жүргізген ғылыми тәжірибеге 18 адам қатысқан. Сарапшылар электроэнцефалограмма арқылы ұйқы кезіндегі мидың әртүрлі бөліктерінің белсенділігін анықтады.

Сараптама нәтижесінде белгілі болғандай, ұйқы кезіндегі қорқыныш сезіміне мидың аралық қабығы мен алдыңғы бел қыртысы жауапты екен.

Сонымен қатар, мидың аралық қабығы ұйқыдан ояну кезіндегі эмоцияны бағалауға ықпал етеді және қорқыныш сезімі болғанда жүйелі түрде іске қосылады. Ал алдыңғы бел қыртысы ағзаны қауіптерге әрекет етуге дайындайуға көмектеседі.

Екінші ғылыми тәжірибеге 89 адам қатысқан. Соның нәтижесінде мамандар адамның ұйқы кезінде қорқынышы неғұрлым үлкен болған сайын, аралық қабат пен бел қыртысының белсенділігі соғұрлым төмендейтінін анықтады.

Осылайша, ғалымдар адамның түсіндегі және өңіндегі эмоцияларының байланысын атап өтті.