Google Еуропада RT мен Sputnik-ке қатысты YouTube арналарды бұғаттайтынын хабарлады

0
596

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс 24 ақпан күні басталды.


Google Еуропада RT мен Sputnik-ке қатысты YouTube арналарды бұғаттайтынын хабарлады

ERNUR.KZ. Google компаниясы Еуропада RT арнасы мен Sputnik агенттігіне қатысты YouTube арналарды бұғаттайтынын хабарлады, деп жазады Stan.kz

"Украинада жалғасып жатқан соғыспен байланысты біз бүкіл Еуропа аумағында RT мен Sputnik-ке қатысты барлық YouTube арналарын бұғаттаймыз", – делінген Google-дің еуропалық кеңсесінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс 24 ақпан күні басталды.

Бұған дейін Таиланд ауруханаларының ресейліктер мен украиналықтарға қызмет көрсетуден бас тартқанын жазған едік.