​«Идаи» циклоны Африканың оңтүстігін ойрандап кетті (фото)

0
1 814

Ресми статистика бойынша, су тасқыны мен алапат дауыл салдарынан 84 адам мерт болған. Көптеген үйлер қираған.


​«Идаи» циклоны Африканың оңтүстігін ойрандап кетті (фото)

ERNUR.KZ. Мозамбикте «Идаи» тропикалық циклонынан қаза тапқандар саны мыңдаған адамға жетуі мүмкін, деп мәлімдеді ел президенті Филипе Ньюси, деп жазады ҚазАқпарат ВВС-ға сілтеме.

Циклон салдарынан бейсенбі күні Бейра қаласына жақын маңда көшкін болған, алайда қатты желге байланысты құтқарушылар қалаға тек жексенбі күні жеткен.

Ресми статистика бойынша, су тасқыны мен алапат дауыл салдарынан 84 адам мерт болған. Көптеген үйлер қираған.

Жалпы Африканың оңтүстігінде 180 адам табиғи апаттың құрбаны болып отыр. Халықаралық Қызыл Крес және Қызыл Жарты ай қоғамдастығы федерациясы бұл жағдайды «ауқымды және жантүршігерлік» деп атады. Ұйым өкілі Джейми ЛеСёр құтқарушылардың адамдарды ағаштардан түсіргенін айтты.

Көрші Зимбабведе 98 адам қаза тапса, 217 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Сондай-ақ, Малави де айтарлықтай зардап шеккен. Қатты жауын-шашыннан кейінгі су тасқынынан 122 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Reliefweb.

Мозамбикте кем дегенде 84 адам көз жұмған. Олардың басым бөлігі - Бейра қаласының тұрғындары. Бұл көлемі бойынша 500 мың тұрғыны бар елдегі төртінші қала.

1500-ден астам адам ағаштардың құлауы мен ғимараттардың қирауы салдарынан зардап шеккен, деп хабарлайды ВВС тілшісі Жозе Тембе.