Иран Израиль шабуылдарына қатаң жауап болатынына уәде берді

0
129

​Мұндай мәлімдемені Иран Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы генерал Абольфазл Шекарчи жасады.


Иран Израиль шабуылдарына қатаң жауап болатынына уәде берді

Фото: Mehr

ERNUR.KZ. Иранның жоғары лауазымды әскери өкілі Тегеран Израиль әуе шабуылдарына батыл жауап беретіні туралы мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Мұндай мәлімдемені Иран Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы генерал Абольфазл Шекарчи жасады.

"Дұшпандар Қарулы күштердің батыл жауабын күтуі керек. Қарулы күштер толық дайын және бұл әрекеттерге міндетті түрде батыл жауап береді. Есесі қатты болады", – деді ол.

Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль өз шабуылымен "өзіне ащы әрі азапты тағдыр дайындады" деп ескертіп, "қатаң жаза күтуі тиіс" екенін айтты.

"Ислам Республикасының Қарулы күштерінің қуатты қолы оны жайына қалдырмайды. Жау шабуылы кезінде бірнеше қолбасшы мен ғалым қаза тапты. Олардың ізбасарлары мен серіктері, егер Алла қаласа, өз міндеттерін кідірместен орындайды", – делінген Mehr таратқан жолдауында.

Айта кетейік, жұмада таңертең Израиль режимі Иранға жаппай әуе соққысын жасады. Соның салдарынан көптеген бейбіт тұрғын мен әскерилер қаза тапты, деп жазады басылым.

Израиль әскері Иранға қарсы "алдын ала" әскери соққылар басталғанын растады. Олар соққылар Тегеранның ядролық нысандарына бағытталғанын, ондаған нысанның жойылғанын хабарлады.

Израильдің алғашқы әуе шабуылдарының нысанасына әскери басшылық пен ядролық ғалымдар іліккен.