Иран зымырандары Израильдің ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады

0
92

Израиль әскери нысандарына да соққы жасалды.


Иран зымырандары Израильдің ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады

фото: Sputnik / Михаил Воскресенский

ERNUR.KZ. Иран әскерилері Ашдод пен Хайфадағы Израиль мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады, деп жазады sputnik.kz.

"Сионистік режимнің ең ірі мұнай өңдеу кешендері болып табылатын Хайфа мен Ашдодтағы мұнай өңдеу зауыттарына дәлдігі жоғары зымырандарымен шабуыл жасалды", - делінген Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы жариялаған ИРСК мәлімдемесінде.
Осылайша Сақшылар корпусы АҚШ пен Израильге қарсы операцияның 65-ші соққы толқынын жариялап, Израильдегі әскери нысандарға да шабуыл жасағанын хабарлады.
Иран АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде Таяу Шығыстағы және Израиль аумағындағы АҚШ әскери нысандарына шабуыл жасап жатыр.
Қақтығыстың алғашқы күнінде, 28 ақпанда, Иранның оңтүстігіндегі қыздар мектебіне шабуыл жасалды, Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванидің айтуынша, шабуылдан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың жалпы саны 1300-ден асты, ал 17 мыңнан астам адам жарақат алды.