Дресс-код ережесін бұзған немесе оған қарсы шыққан әйелдер қамауға алынып, соққыға жығылады.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Иранда әйелдердің киім үлгісін бақылау үшін дрондар мен цифрлық технологиялар қолданылып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Тегеранда және елдің оңтүстігінде дрондар мен бейнебақылау камералары әйелдердің хиджаб киюін қадағалайды. Тегеран университеті Амиркабирдебет-әлпетті танитын бағдарлама орнатылған. Бұл жүйе хиджаб кимеген студенттерді анықтауға көмектеседі. Жолдардағы камералар да басын жаппаған әйелдерді анықтау үшін қолданылады», — делінген материалда.
Полиция азаматтарды Nazer мобильді қосымшасын орнатуға мәжбүрлейді. Бұл бағдарлама қоғамдық көліктерде, таксиде, тіпті жедел жәрдем машиналарында хиджаб кимегендерді анықтап, құқық қорғау органдарына хабарлауға мүмкіндік береді.
БҰҰ дерегінше, дресс-код ережесін бұзған немесе оған қарсы шыққан әйелдер қамауға алынып, соққыға жығылады.
«Иранда әйелдер мен қыздар жүйелі түрде дискриминацияға ұшырап келеді. Билік хиджаб киюді мемлекеттік деңгейде қадағалаумен қатар, оны азаматтық міндет ретінде көрсетуге тырысып жатыр», — делінген ұйым есебінде.
18 наурызда бұл мәселе БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде қаралады