Иранда президент сайлауында Пезешкиан жеңіске жетті

0
711

Ислам Республикасының Президенті Эбрахим Раиси 19 мамырда Шығыс Әзербайжан провинциясында тікұшақ апатынан көз жұмған еді.


Иранда президент сайлауында Пезешкиан жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі реформатор Масуд Пезешкиан Иран президентін сайлауда жеңіске жетті, деп жазады inform.kz.

Ол IRIB эфирінде айтқандай, бүкіл 30,530 млн бюллетеньді есептеу нәтижесі бойынша қазіргі Иран тарихында тоғызыншы сайланған президент Пезешкиан 16,384 млн дауыс жинады.

Бұл — жалпы санның кем дегенде 53,6 пайызы.

Иран басшысының республиканың ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өкілі консерватор Саид Джалили 13,538 млн дауыс жинады, сәйкесінше — 44,3%.

Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 49,8 пайызы дауыс берген.

— Дауыс берудің екінші турына 30,530 млн сайлаушы қатысты, ал Иранда 61 миллионға жуық адамның дауыс беруге қақысы бар. Президент сайлауының бірінші кезеңінде келушілер үлесі шамамен 40% құрады, бұл — Ислам Республикасы тарихындағы ең төменгі көрсеткіш, - деді Эслами.

5 шілдеде Иранда кезектен тыс президент сайлауының екінші туры өтті, ол елдің атқарушы билігі басшысының кенеттен қайтыс болуына байланысты белгіленді.

Ислам Республикасының Президенті Эбрахим Раиси 19 мамырда Шығыс Әзербайжан провинциясында тікұшақ апатынан көз жұмған еді.