Испания ханшайымы коронавирустан қайтыс болды

0
938

Қазіргі уақытта Испания коронавирус құрбандары мен анықталған жағдайлар бойынша Италиядан кейін Еуропада екінші орында тұр.


Испания ханшайымы коронавирустан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Испания королі VI Филипптің туысы Мария Тереза Бурбон-Парма 86 жасында коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы оның ағасы Сикст-Генрих Бурбон-Парма естіртті, деп жазады baq.kz.

МедикФорум сайтының хабарлауынша ханшайым өзін үйінде оқшаулауға қанша тырысқанымен вирус жұқтырған.

Бейсенбі, 26 наурызда Парижде 86 жасында Мария Тереза Бурбон-Парма және Бурбон-Бюссетс қайтыс болды, ол коронавирус COVID-19-дың құрбаны болды, - делінген Facebook-тегі Сикст-Генрихтің мәлімдемесінде.

Мария Тереза Бурбон-Парма - Испания королі VI Филипптің туысы. Оның ата-бабалары Италиядағы Парма герцогтігін билеген, содан кейін Люксембургті басқарған.

Монархияның өкілі ретінде ол басқарудың осы түрін қолдай отырып, капитализмге қарсы шыққан, оның ойынша, социализмге қарай қозғалу керек. Бұл үшін оны тіпті "қызыл ханшайым" деп атаған.

Қазіргі уақытта Испания коронавирус құрбандары мен анықталған жағдайлар бойынша Италиядан кейін Еуропада екінші орында тұр: елде вирус жұқтырғандар саны 64 мыңнан асты, 4,9 мың адам қайтыс болды. Испания билігі 14 наурызда адамдардың қозғалысын шектей отырып, 15 күнге жоғары дайындық режимін енгізді, 26 наурызда парламент оны 11 сәуірге дейін ұзартты.