Израиль аумағынан ХАМАС содырларының 1500-ге жуық мәйіті табылды

0
737

Сондай-ақ қақтығыс басталғалы бері ЦАХАЛ-дың 123 адамы қаза тапқан.


Израиль аумағынан ХАМАС содырларының 1500-ге жуық мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Тель-Авив елдің оңтүстігіндегі елдімекендерді өз бақылауына қайтарғаннан кейін Израиль аумағынан ХАМАС содырларының 1,5 мыңға жуық мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Associated Press агенттігі Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) өкілі Ричард Хехтің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Хектің айтуынша, өткен түнде палестиналық топтың бірде-бір жауынгері Газа секторының Израильмен шекарасын кесіп өтпеген.

Сонымен бірге Хехт ХАМАС әскерінің Израиль аумағына енуі әлі де мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге шабуыл жасағалы бері ЦАХАЛ-дың 123 адамы қаза тапқанын хабарланған еді. Қайтыс болған әскери қызметкерлердің тізіміне тағы 38 адамның аты-жөні қосылды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қақтығыс басталғалы бері 700-ге жуық палестиналық пен 800-ге жуық израильдік қаза тапқан. Сондай-ақ қақтығыс кезінде 3,7 мың палестиналық және 2 мыңнан астам израильдік жарақат алды.

Еке салайық, Палестина денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Газа секторында қауіпсіз дәліз құруға шақырғаны хабарланған болатын. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бомба жарылысынан жалғыз аурухана істен шыққан Бейт Ханун қаласының тұрғындары ауыр халде қалған.