Израиль Йеменге тағы да әуеден шабуыл жасады

0
189


Израиль Йеменге тағы да әуеден шабуыл жасады

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Израиль авиациясы Йеменнің батысындағы бірнеше порттарға әуеден шабуыл жасады, деп жазады Zakon.kz.



Al Masirah телеарнасының мәліметінше, Израиль армиясы Йеменнің батысындағы "Салиф портына және Қызыл теңіздегі Ходейда портына" соққы жасаған.

Бейсенбіде Йеменнің солтүстігіндегі билеуші "Ансар Алла" (хуситтер) шиит әскери-саяси қозғалысы Израильдегі Бен-Гурион әуежайына 72 сағат ішінде төртінші зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді.