Израиль қолайсыз ауа райына байланысты Газа секторындағы жерүсті операцияларын кейінге қалдырды – The New York Times

0
4 874

Газет мәліметінше, бұлтты ауа райы ұшқыштар мен дрон операторларының жұмысына кедергі келтіреді.


Израиль қолайсыз ауа райына байланысты Газа секторындағы жерүсті операцияларын кейінге қалдырды – The New York Times

ERNUR.KZ. ЦАХАЛ Газа секторындағы жерүсті операцияларын бірнеше күнге шегерді. Операция осы демалыста басталуы керек болған, деп жазады Stan.kz

Израиль әскери күштеріндегі лауазымды дереккөздерге сілтеме жасаған The New York Times басылымы жерүсті операциясын кейінге қалдыруға ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын айтады.

Газет мәліметінше, бұлтты ауа райы ұшқыштар мен дрон операторларының жұмысына кедергі келтіреді.

Жерүсті операциясына ондаған мың жаяу әскер, танк, саперлер мен арнайы жасақ авиация мен артиллерияның қолдауымен қатысады. Басты мақсат – Газа секторын жаулап алып, ХАМАС қозғалысының саяси және әскери басшылығының көзін құрту.

14 қазанда ЦАХАЛ баспасөз қызметі Изариль әскерінің жерүсті операцияға әзір екенін мәлімдеген. Бұған дейін әскерилер бейбіт тұрғындарды сектордың оңтүстігіне көшуге шақырған. Ал ХАМАС бұл үндеуге құлақ аспауға шақырды.

Еске салайық, 7 қазанда ХАМАС қозғалысының әскері Израильге соққы жасаған еді. Салдарынан 9 қазанда Израильде көз жұмғандар саны 900-ге жетті.