Оқиға салдарынан бірнеше адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Фото: РБК
ERNUR.KZ. The Times of Israelбасылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, автокөлік елдегі Пардес-Хан-Каркур ауданындағы автобус аялдамасында бір топ адамды басып өтпек болған, деп жазады inbusiness.kz.
17 жастағы бойжеткен мен тағы екі адамның жағдайы ауыр.
Полиция Каркурда 53 жастағы палестиналықтың ұстау барысында өлтірілгенін растады. Деректерге сүйенсек, Израильде тұрған Иордан өзенінің солтүстік жағалауынан шыққан палестиналық осы елдің азаматына үйленген. Билік оқиғаны әскери шабуыл деп атады.
Газа секторында соғыс басталғалы әскерилер Израиль азаматтарына шабуыл жасауы жиілеген.