Қабарда-Балқарияда қар көшкінінен 11 альпинист қаза тапты

0
94

Тағы алты адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.


Қабарда-Балқарияда қар көшкінінен 11 альпинист қаза тапты

Бейнебаяннан алынған кадрлар

ERNUR.KZ. Қабарда-Балқарияда қар көшкіні 33 адамнан тұратын альпинистер тобын басып қалды. 11 адам қаза тапты, алты адам ауруханаға жатқызылды, тағы алты адамның тағдыры белгісіз, деп жазады tengrinews.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша, он адам қар құрсауынан өз бетінше шығып, таудан түсе алған. Тағы алты адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, оларды ТЖМ Эльбрус биік таулы іздестіру-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел топ іздестіріп жатыр.

Альпинистерді іздестіруге тікұшақтар тартылған.




Іздестіру-құтқару операциясына 56 адам қатысып жатыр, деп хабарлады ТАСС агенттігіне өңірлік ТЖМ басқармасы. Сондай-ақ ведомство бұл ауданда қайта қар көшкіні жүру қаупі сақталып тұрғанын ескертті.

Қабарда-Балқария прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр, РФ Тергеу комитеті салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

2026 жылдың шілдесінде Қабарда-Балқарияда Эльбрус тауына шығу кезінде алты альпинист қаза тапты – оның бесеуі Босния және Герцеговина азаматы, біреуі Ресей азаматы.