Калифорнияда орман өртіне байланысты адамдарды эвакуациялау басталды

0
250

Желдің жылдамдығына секундына 30 метрге жеткен. Салдарынан екі коммерциялық нысан бүлінді.


Калифорнияда орман өртіне байланысты адамдарды эвакуациялау басталды

ERNUR.KZ. Калифорнияда орман өртіне байланысты адамдарды эвакуациялау басталды, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, өрт 5 мың гектардан астам жерге жайылған. Әзірге тілсіз жаудың небәрі 2%-ын ғана ауыздықтау мүмкін болып отыр. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жалынның таралуына күшті жел себеп болып отыр.

Желдің жылдамдығына секундына 30 метрге жеткен. Салдарынан екі коммерциялық нысан бүлінді.

Шенеуніктер өрттің себебін анықтап жатқандарын айтты. Бірақ әзірге қаза тапқан адамдар туралы ақпарат жоқ.

Әзірге 1,2 мыңнан астам эвакуацияланған.