Канаданың жаңа премьер-министрі сайланды

0
203

Жаңа көшбасшысы ретінде Марк Карни таңдалды.


Канаданың жаңа премьер-министрі сайланды

ERNUR.KZ. Канадада билеуші Либералдық партияның жаңа көшбасшысы ретінде Марк Карни таңдалды. Ол қаңтар айында отставкаға кететінін мәлімдеген Джастин Трюдоны алмастырады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Марк Карни – Англия банкінің бұрынғы басшысы және Трюдо үкіметінің құрамына кірмеген жалғыз кандидат. Партия мүшелері арасында өткен дауыс беру нәтижесінде ол 85,9% дауыс жинады», — деп жазады басылым.

Отставкаға кеткен премьер-министр Джастин Трюдо өз қызметіндегі жетістіктерімен мақтанатынын айтты.

«Кейінгі 10 жылда қол жеткізген жетістіктерімізбен мақтанамын», – деді ол қоштасу сөзінде.

59 жастағы Марк Карни ұзақ жылдар бойы Либералдық партияның ықтимал көшбасшысы ретінде қарастырылып келді. Ол қаржы саласындағы беделімен танымал. Карни өзін қазіргі үкіметке қатысы жоқ, тәуелсіз кандидат ретінде көрсетіп, елдің экономикалық жағдайын жақсартуға басымдық беретінін мәлімдеді.