Оқыс оқиға Дамаск қаласының орталығындағы Әділет сарайының маңында тіркелген.
Фото: REUTERS / Yamam Al Shaar
ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан неше адамның зардап шеккені белгісіз, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы жергілікті БАҚ пен оқиға куәгерлері мәлімдегенін Синьхуа агенттігі жазды.
Жарылыстың Хиджаз ауданындағы дәмханалардың бірінде болғанын Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі де растады. Бір белгілісі, оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Қайтыс болғандар туралы нақты ақпарат жоқ.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кейбір куәгерлердің сөзінше, жарылысқа аккумулятор батареясының қызып кетуі себеп болуы ықтимал.
Полиция оқиға орнын қоршауға алған және жақын маңдағы аумақты бақылауда ұстап отыр. Куәгерлер бұл маңға бірнеше жедел жәрдем көлігі келгенін де ашық айтты.


