Бұған қоса, ІІМ қару-жарақ, жарылғыш заттарын өз еркімен өткізгендерге сыйақы тағайындауды ұсынды.
ERNUR.KZ.Қырғызстанда 10 тамыздан бастап қыркүйек айының басына дейін қару-жарақ дүкендері жабылады, деп хабарлайды ІІМ.
Мұндай шешім Ыстықкөлде 2-8 қыркүйек аралығында III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны және 3 қыркүйекте Түркітілді мемлекеттер әріптестігі кеңесінің өтуіне байланысты қабылданды.
Осы шараларды өткізу кезінде ІІМ халықтан аңшылық қаруларын да жинап алуды көздеп отыр. Қырғызстанда оннан астам қару-жарақ дүкені бар, олар негізінен аңшылық қаруларын сатады.
Бұған қоса, ІІМ қару-жарақ, жарылғыш заттарын өз еркімен өткізгендерге сыйақы тағайындауды ұсынды.
Министрлік мәліметі бойынша, 2010 жылғы оқиға кезінде жоғалған және қолды болған 1190 қарудың 555-і қайтарылған.
Дереккөз:centralasian.org/a