Қатерлі ісікті емдейтін жаңа препарат шықты

0
424

Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы Лобачевский университетінің (ННМУ) ғалымдары бір препараттың құрамына бірнеше белсенді молекулаларды біріктіре алды.


Қатерлі ісікті емдейтін жаңа препарат шықты

ERNUR.KZ. Бұл ісік аурулары үшін аралас фотодинамикалық терапия (ФДТ) және химиотерапияны жүргізуге мүмкіндік берді. Жаңа препарат ФДТ қолданылатын тері обыры мен басқа да қатерлі ісіктерді емдеуде әсіресе тиімді болуы мүмкін, деп жазады inform.kz.

«Фотосенсибилизатор мен химиотерапиялық препараттың комбинациясы метастаздық ісіктерді емдеуге мүмкіндік беруі мүмкін. Құрылған молекула әрекетінің жоғары селективтігі ісік тінінің ішінде жойылатын арнайы байланыстырғышты қолдану арқылы жүзеге асырылады», - деп баяндады университетте.

Зерттеудің авторы, Нижний Новгород мемлекеттік университеті химия факультетінің органикалық химия кафедрасының доценті Василий Отвагиннің атап өтуінше, фотодинамикалық терапияға арналған жаңа препараттарды сараптамалардың көптігіне байланысты нарыққа шығару қиын.

«Біз қазірдің өзінде белгілі және дәлелденген компоненттерге негізделген кешен құрдық: ол фотодизатинге ұқсас көк-жасыл балдырлардан фотосенсибилизатор және заманауи химиотерапиялық препарат «кабозантиниб». Зерттеу олардың бірігіп ісікпен тиімді күресетінін көрсетті. Біріктірілген препаратты жасау барысында дәрілік химияның ең заманауи тәсілдері қолданылды», - деп келтіреді баспасөз қызметі ғалымның сөзін.