​Қатерлі ісікті төрт тәсілмен жоюға болады

0
1 755

Қатерлі ісіктің төрт түрін жоятын әдіс ойлап табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ


​Қатерлі ісікті төрт тәсілмен жоюға болады

Қатерлі ісіктің төрт түрін жоятын әдіс ойлап табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Орегон штатының Ғылым және денсаулық сақтау университетінің ғалымдары ісіктің төрт түрін жоятын препарат ойлап тапты: сүт безі мен қуықалды без, тоқ ішек пен өкпе. Бұл туралы Nature Communications журналында жазылған.

KBU2046 атты препаратқа тәжірибе жүргізу барысында метастазалардың жойылып, сүйектердің сыну жағдайы төмендейтінін анықталған. Сондай-ақ, ғалымдар бұл препараттың жанама әсері аз екенін айтады.

Дәрігер Раймонд Берганның айтуынша, бұл препараттың механизмі оның HSP90β ақуызын фосфорландырудағы өзгерісі.

"Дәрі былай жұмыс істейді: яғни, ол протеинмен байланыса отырып, жасушалардың қозғалысын тоқтатады. Бірақ ол нәруыздың қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді", - дейді ғалым.