Дүниежүзілік банктің тиімді логистика халықаралық рейтингінде Қазақстан алты сатыға жоғарылады.
ERNUR.KZ.Дүниежүзілік банктің тиімді логистика халықаралық рейтингінде Қазақстан алты сатыға жоғарылады, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.
2018 жылы еліміз 71-орынға тұрақтаған. Алдымызда Латвия (70 орын) және бізден кейін Босния мен Герцеговина (72 орын) тұр. Ресей 75-орында, Беларусь – 103, Қырғызстан – 108, Армения – 92-орыннан көрінуде. Украина Қазақстаннан бес саты алдыда тұр (66-орында).
Айтылғандай, Қазақстан кедендік рәсімдеу мен жеткізу уақытының тиімділігі арқасында көрсеткішін жақсарта білген.
Германия, Бельгия, Австрия және Жапония рейтингте көш бастап тұрса, Ауғанстан, Ангола, Бурунди, Нигер және Сьерра-Леоне елдері ең соңында.