Қазақстандық деректі фильм Нью-Йоркте беделді сыйлыққа ұсынылды

0
122

Картина мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.


Қазақстандық деректі фильм Нью-Йоркте беделді сыйлыққа ұсынылды

© Sputnik / Александр Кряжев

ERNUR.KZ. Режиссер Алина Мустафинаның "Пряники для её отца, моего прадеда, её деда" деректі фильмі АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді кинофестиваль – 48-ші Asian American International Film Festival аясында "Деректі кино саласындағы перспективті режиссер" номинациясы бойынша үздіктер қатарына енді, деп жазады sputnik.kz.

Картина мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен бар-жоғы 12 картина ғана ұсынылған.
"Пряники для её отца, моего прадеда, её деда" роуд-муви жанрында түсірілген фильм. Қазақстаннан үш буын әйел Польшаға, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан өз атасының қабіріне сапар шегеді. Фильмде түп-тамырын іздеу, жеке тұлғаны тану, ұрпақ сабақтастығы мен өткенге қайта оралу сияқты тақырыптар қозғалады.
Туынды Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) әлемдік премьерасы, Турин кинофестивалінде (Италия) еуропалық премьерасы өтті, Cinema Verite фестивалінде (Иран) "Үздік фильм" Гран-приін иеленді, "Бастау" фестивалінде (Қазақстан) "Үздік дебют" жүлдесін алды, сондай-ақ Bolzano Film Festival Bozen (Италия) және ORAI Festival (Абай, Қазақстан) арнайы көрсетілімдерінде көрсетілді.
Сонымен қатар, бұл фильм Қазақстандағы "Сыншылар таңдауы" сыйлығында "Үздік дебют" номинациясына ұсынылған алғашқы деректі жоба болды.
Айта кетейік, Asian American International Film Festival 2025 жылғы 31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте өтеді, ал марапаттау рәсімі 10 тамызда Манхэттенде ұйымдастырылады.