Апаттан кемінде 6 адам көз жұмып, 30-ға жуық адам зардап шеккен.
ERNUR.KZ. Хорватияда 6,4 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Хорватия астанасы Загреб қаласының оңтүстік -шығысында 6,4 балдық жер сілкінісі 29 желтоқсан түстен кейінгі уақытта болған. Эпицентр орталығы Петриня қаласы маңында тіркелген. Жер дүмпуі Венгрия, Австрия және Италия елдерінде сезілген. Сонымен қатар, Словенияда кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтаған.
Зілзала салдарынан Петрине қаласындағы көптеген ғимараттар қираған, оның ішінде ауруханалар мен балабақшалар бар.
Агентіктің хабарлауынша, апаттан кемінде 6 адам көз жұмып, 30-ға жуық адам зардап шеккен.
Айта кетсек, дәл сол күні таңертең Хорватияда магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелген.