Көңілдесін бауыздап қашқан ер адам ұсталды

0
629

Оқиға Ташкентте болды.


Көңілдесін бауыздап қашқан ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ташкентте ер адам бірге тұратын әйелін бауыздап тастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Uznews хабарлауынша, оқиға Янгихает ауданында болды. Ер адам әйелдің екінші күйеуі болған және онымен заңсыз некеде тұрған. Олардың ортақ бір баласы бар.

«Ол оны жиі қызғанатын. Бұл олардың алғашқы төбелесі емес, олар үнемі ұрысатын. Ер адам 19 жерінен пышақ сұққан, тамағын бауыздап тастаған», - деді куәгердің бірі.

Өзбекстан ҚК 97-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (қасақана кісі өлтіру). Күдікті ұсталды.