Көршісінің жертөлесінде 26 жыл тұтқында отырған алжирлік азамат тірі табылды

0
461

Елдегі Әділет министрлігі өкілдері сейсенбіде Омар бин Омран немесе Омар Б. деп аталатын ер адамның 19 жасында жоғалып кеткенін хабарлады.


Көршісінің жертөлесінде 26 жыл тұтқында отырған алжирлік азамат тірі табылды

ERNUR.KZ. Алжирдегі азаматтық соғыс кезінде 1998 жылы жоғалып кеткен Алжир азаматы 26 жылдан кейін көршісінің жертөлесінен тірі табылды. Көрші үйлердің арасы бірнеше минуттық жол, деп жазады inform.kz.

Елдегі Әділет министрлігі өкілдері сейсенбіде Омар бин Омран немесе Омар Б. деп аталатын ер адамның 19 жасында жоғалып кеткенін хабарлады. Бірақ ол Алжирдің солтүстігіндегі Джельфадағы ескі үйінен небәрі 200 метр жердегі көршісінің тұтқынында болғаны анықталды және осы аптаның басында 45 жасында, үйме шөптің артына жасырынған қой қорадан тірі табылды.

Министрлік «сұмдық» қылмысқа қатысты тергеу жалғасып жатқанын және жәбірленушіге медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Полиция қашып кетуге әрекеттенген 61 жастағы есік күзетшісін (швейцар) «адам ұрлады» деген күдікпен қолға алған. Ұрлықтың беті ағайындылар арасындағы мұрагерлік дау кезінде ашылған. Күдіктінің ағасы әлеуметтік желіде қылмысты әшкерелейтін ақпаратты жариялаған.

«12 мамырда жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жәбірленуші, 45 жастағы Омар бен Омран көршісі 61 жастағы Б.А.-ның жертөлесінен табылды», – деді сот өкілі.

Жәбірленушінің анасы 2013 жылы қайтыс болған, ал отбасы оның «тірі болуынан» үміт үзген. Омран құтқарушыларға кейде отбасын алыстан көретінін, бірақ еш хабарласа алмағанын мәлімдеген. Айтуынша тұтқындаушы оны «сиқырлап» қойған.

Бин Омранның оқиғасы елдегі көптеген құпияның бетін ашқандай болды. 1990 жылдары үкіметті исламшыл содырларға қарсы қойған соғыс кезінде 200 мыңға жуық адам қаза тапқан. Бұл кезеңді кейде Алжирдің «Қара онжылдығы» деп те атайды.

SOS Disparus Алжир қауымдастығы Соғыс кезінде тек 1992-1998 жылдар аралығында шамамен 8000 алжирлік жоғалып кеткен деп есептейді.