Қырғызстан алтыны бар кен мен концентратын экспорттауға мораторий жариялайды

0
463

Мораторий алты ай мерзімге енгізіледі.


Қырғызстан алтыны бар кен мен концентратын экспорттауға мораторий жариялайды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 2023 жылдың 1 мамырынан бастап құрамында алтыны бар кен мен концентратын экспорттауға уақытша тыйым салады. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл ретте Қырғызстан аумағында өндірілген құрамында алтыны бар кен және концентратты өңдеуге айрықша құқық «Қара-Балта тау-кен комбинаты» ААҚ-на беріледі.

Мораторий алты ай мерзімге енгізіледі.

Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан үкіметіне уақытша тыйым салуды 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап алты ай сайын ұзарту тапсырылды.

Қырғызстан Республикасының мемлекеттік кеден және шекара қызметтеріне шешімді орындау бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қырғызстанда көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға уақытша тыйым салынды.