Бішкек соты 22 белсендіні тергеу изоляторларына жіберді.
ERNUR.KZ. Олардың арасында оппозициялық саясаткерлер мен бұрынғы парламент спикерлері бар. Наразылыққа қатысқандарға "тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" деп айып тағылған, деп жазады inbusiness.kz.
Кемпир-Абад су қоймасын Өзбекстан қарамағына беруге қарсы болғандар арасынан 22 адам бірден қамауға алынды, олардың қатарында бұрын мемлекеттік қызмет істеген, үкіметке қарсы саясаткерлердің есімдері аталды. Мысалы, Парламенттің экс-депутаты Әсия Сасықбаева, Конституциялық Соттың мүшесі болған Клара Сооронқұлова, ОСК бұрынғы мүшесі Гүлнар Жүрабаева, бұған дейін депутат қызметін атқарған Кубанычбек Қадыров, Қырғызстанның Малайзиядағы елшілігін басқарған Әзімбек Бекназаров, сондай-ақ елдің бұрынғы арнайы қызметтерінің басшысы Кенешбек Дүйшебаев. Одан бөлек он шақты белсенді ұсталды. Олардың барлығы елдегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісін тергеу аясында уақытша ұстау орындарына 48 сағатқа жіберілді.
Сот қырғыз Парламентінің экс-спикері Қанатбек Исаевқа жеке бұлтартпау шарасын тағайындады - ол жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен бір ай мерзімге тергеу изоляторына жіберілді.