​Қырғызстанда тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

0
125

Қырғызстанның минералды тыңайтқыштарға деген жылдық қажеттілігі 286,7 мың тоннаны құрайды.


​Қырғызстанда тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Мұндай шешімге минералды тыңайтқыштардың стратегиялық қорын құру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау қажеттігі түрткі болды, деп жазады inform.kz.

Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі ЕАЭО кедендік аумағынан тыс елден минералды тыңайтқыштар әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы министрлер кабинеті қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Қырғызстанның минералды тыңайтқыштарға деген жылдық қажеттілігі 286,7 мың тоннаны құрайды. Елге тыңайтқыштың негізгі жеткізушісі Өзбекстан, одан жылына 100 мың тонна жеткізіледі, оның 60 мың тоннасы көктемгі-жазғы жұмыс маусымына және 40 мың тоннасы күзгі-қысқы кезеңге тиесілі.
Сонымен қатар, елдің оңтүстік өңірлерінде көктемгі дала жұмыстары басталғанда басқа елдерге қайта экспортталатын тыңайтқыштардың тапшылығы туындайды.
Қырғызстан мемлекеттік тіркеусіз діни некеге тыйым салмақшы.