Мәртебе арнайы QR-коды бар электронды құжат түрінде беріледі.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда шет елдердің 600-ден астам IT маманы «Цифрлық көшпенді» мәртебесін алу үшін өтінім берген. Бұл туралы елдің Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.
“Бұл мәртебе шетелдік IT-мамандарға Қырғызстан аумағына визасыз келуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ келгеннен кейін тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Ал жұмысқа орналасу үшін рұқсат құжаттары талап етілмейді. Сонымен қатар «Digital Nomad» мәртебесі жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) автоматты түрде алуға, әділет және салық салу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарда оңайлатылған тәртіпте қызмет алуға мүмкіндік береді”, – деп жазды ведомстводан.
«Цифрлық көшпенді» мәртебесін алуға Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова және Ресейдің цифрлық технология саласында қызмет ететін азаматтары өтінім бере алады.
Мәртебе арнайы QR-коды бар электронды құжат түрінде беріледі.
«Цифрлық көшпенді» мәртебесін беру туралы уақытша ереже 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде.