Қырғызстанның кинотеатрлары Қазақстанның «Рэкетир 3» фильмін прокаттан алып тастады

0
173

«Рэкетир 3» фильмі 13 ақпанда прокатқа шыққан.


Қырғызстанның кинотеатрлары Қазақстанның «Рэкетир 3» фильмін прокаттан алып тастады

Фото: @cinematica_kg

ERNUR.KZ. Қырғызстанда «Рэкетир 3» фильмі прокаттан алынды. Бұл туралы «Синетамика» кинотеатрлар желісі жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Фильмнің неге қырғыздарға көруге болмайтынының нақты себебі айтылмаған.

«Құрметті көрермендер, «Рэкетир: жаңа кезеңдер» фильмі елдегі бүкіл кинотеатрдың прокатынан алынды. Билет ақысын қайтарып алу туралы кинотеатрдың әкімшілігімен сөйлесіңіздер», - деп жазылған жазбада.

«Рэкетир 3» фильмі 13 ақпанда көрерменге жол тартты. Алғашқы аптада 657,9 млн теңге табыс тапқан.