Қырғызстанның жаңа президенті ұлықтау рәсіміндегі кортеж бен банкеттен бас тартты

0
2 532

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда Бішкек филармониясында өтеді.


Қырғызстанның жаңа президенті ұлықтау рәсіміндегі кортеж бен банкеттен бас тартты

ERNUR.KZ. Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі салтанатынан, атап айтқанда, арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жапаров ұлықтау рәсімі туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми сайтында толығырақ айтып берді.

Садыр Жапаров халық бұл шешімін "түсініп, қолдайды" деген үмітте.

"Қазанда болған оқиғалардан кейін қалыптасқан саяси жағдайды, республиканың экономикалық, қаржылық және эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мұндайда біз ел экономикасы үшін ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тартуымыз керек деп санаймын.
Мен арнайы кортежден, банкеттен және үлкен қаржылық шығындар болатын басқа да шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Президент лауазымына кірісу үшін заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерді ғана ескеру және жүзеге асыру керек.
Мемлекет өзінің барлық назарын мемлекеттік қаражатты халық пен оның мұқтажына қолдануға аударуы тиіс", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда Бішкек филармониясында өтеді.