Қытай мейрамханаларында тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынып жатыр

0
934

Мұндай заң Қытай мейрамханаларында отырыстан кейін тамақтың көп қалуына байланысты енгізілді.


Қытай мейрамханаларында тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынып жатыр

ERNUR.KZ. Қытай парламенті азық-түлік ысырапшылығына қарсы күрес туралы заң қабылдады. Аталған заңға сәйкес, енді мейрамхана иелері тым көп тағамға тапсырыс беріп, оларды тауысып жемеген қонақтарға айыппұл сала алады, деп жазады aikyn.kz.

Бұдан былай, шенеуніктерге арналған мәзір жаңа үнемдеу заңын ескере отырып жасалады.

Қытайлықтар әдетте мерекелік кештерде тамаққа тапсырыс көп береді. Алайда той-жиын аяқталған соң, олардың көп бөлігі дастарханда желінбей қалады. Өйткені, қонақтар асты өзімен бірге ала кетуге ұялады.

Инновация онлайн режимге де енді: блогерлерге бір отырыста бір келі тамақ жейтін челлендждерді түсіруге тыйым салынды. Мұндай бейнені таратқаны үшін авторға 100 мың юань айыппұл салынуы мүмкін.

Жаңа заң Қытайдың 500 қаласының әрқайсысында жыл сайын орта есеппен 50 тоннаға жуық тамақ қалдықтары өндірілетіндігіне байланысты енгізілді.

Сонымен қатар тұтынушыларға жеткенге дейін жылына шамамен 35 миллион тонна азық-түлік қалдыққа айналады. Тек Пекин, Шанхай, Чэнду және Лхаста жылына орта есеппен 17-18 миллион тонна қалдық өнім шығарылады. Оны жыл бойына 30-50 миллион адамға беруге болады.