​Қытай өмірді 120 жылға дейін ұзартатын дәрі жасап жатыр

0
101

Компанияның мәлімдеуінше, олар сау клеткаларға зиянын тигізетін қартайған клеткаларды жоятын ерекше молекула шығарған.


​Қытай өмірді 120 жылға дейін ұзартатын дәрі жасап жатыр

Фото: Синьхуа

ERNUR.KZ. Шэньчжэньдегі Lonvi Biosciences қытайлық стартапы өмірді 120 жылға дейін ұзартатын дәрі жасап жатыр, деп жазады inform.kz.

Америкалық басылым атап өткендей, Lonvi Biosciences жүзім дәнінің сығындысында кездесетін қосылыстарға негізделген қартаюға қарсы дәрілер жасап шығарумен айналысады.

Компанияның мәлімдеуінше, олар сау клеткаларға зиянын тигізетін қартайған клеткаларды жоятын ерекше молекула шығарған.
Жарияланымда жүзім дәндерінің батыс мәдениетінде де, дәстүрлі қытай медицинасында да ежелден пайдалы тағам болып саналғаны айтылған.
Басылымның мәліметінше, Lonvi Biosciences белсенді молекулалардың жоғары концентрациясы бар капсулаларды өндіру технологиясын жасап шығарған.
Компания өзінің таблеткалары салауатты өмір салтымен және сапалы медициналық көмекпен үйлескенде адамдардың 100-ден 120 жасқа дейін өмір сүруіне көмектеседі деп санайды.
Бұған дейін қытайлық дәрігерлер әлем бойынша алғаш рет роботтандырылған ота жасап, көз торының астына 4 200 шақырымнан астам қашықтықтан препарат енгізгенін жазған едік.
Қазақстанда 100 және одан да үлкенірек жастағы 448 азамат бар екенін жаздық. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған туған күнін атап өтті.