Қытай жанармай мен дизель отынының бағасын төмендетті

0
358


Қытай жанармай мен дизель отынының бағасын төмендетті

ERNUR.KZ. Әлемдік мұнай бағасының өзгерістеріне байланысты бейсенбіден бастап Қытайда жанармай мен дизель отынының бөлшек сауда бағасы төмендейді. Бұл туралы сәрсенбіде Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформа комитеті хабарлады, деп жазады inform.kz.

«Жанармай мен дизель отынының құны сәйкесінше тоннасына 235 юаньға (шамамен 33 доллар) және 225 юаньға төмендейді», - деп хабарлайды Синьхуа агенттігі мемлекеттік даму және реформа комитетіне сілтеме жасап.

Елдегі қолданыстағы баға белгілеу механизміне сәйкес мұнай өнімдерінің бағасы шикі мұнайға әлемдік бағаның өзгеруін ескере отырып түзетіледі.

Комитет Қытайдың үш жетекші мұнай компанияларынан — China National Petroleum Corporation, China Petrochemical Corporation және China National Offshore Oil Corporation және басқа да мұнай өңдеу кәсіпорындарынан нарықтағы ұсыныстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін дұрыс өндіру мен тасымалдауды ұйымдастыруды талап етті.