Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
ERNUR.KZ. Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында тас жол көпірінің бір бөлігі опырылып, 11 адам қаза тапты, деп жазады kaz.inform.kz.
«Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады», - деп хабарлады жергілікті билік.
Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.