Қытайда күн күрт суытып, қауіптіліктің «көк» деңгейі жарияланды

0
784

12 градусқа дейін суытады.


Қытайда күн күрт суытып, қауіптіліктің «көк» деңгейі жарияланды

ERNUR.KZ. Бүгін Қытай ұлттық метеорологиялық обсерваториясы күннің күрт суытуына байланысты қауіптіліктің «көк» деңгейін жариялады, деп жазадыы ҚазАқпарат.

«Бүгін түннен бастап 26 қарашаға дейін Янцзы өзенінің орта және төменгі ағысындағы кейбір аумақтарында, сондай-ақ Шығыс Қытайдың жағалау маңындағы аудандарда қатты жел соғады», - делінген Қытай ұлттық метеорологиялық обсерваториясының мәліметінде.

Елдің солтүстік-батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіндегі бірқатар аудандарда ауа температурасы 6-10 градусқа төмендейді. Аталған аудандардың кейбірінде - 12 градусқа дейін суытады.

Осыған орай метеорологиялық орталық тұрғындарды абай болуға және сыртта көп жүрмеуге шақырды.

Қытайда қолайсыз ауа райы туралы ескертудің төрт түрлі деңгейі қабылданған. Қауіптілік деңгейінің 4 түрі бар, ең қауіпті деңгейі - қызыл түсті, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түсті.