Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3.
ERNUR.KZ. Қытайда тағы да жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:18-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.