Қытайда тауықтарды үркітіп, өлтірген адам түрмеге жабылды

0
2 429

Тегі Гу атты адам көршісінің 1100 тауығын қорқытқаны үшін сот оны түрмеге жапқан.


Қытайда тауықтарды үркітіп, өлтірген адам түрмеге жабылды

ERNUR.KZ. Қытайда көршісінің 1100 тауығын жарық жағып, қорқытып өлтірген ер адам алты айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады stan.kz.

Тегі Гу атты адам көршісінің 1100 тауығын қорқытқаны үшін сот оны түрмеге жапқан.

2022 жылдың сәуірінен бері Чжун және Гу жанжалдасып келеді. Себебі Чжун Гуның ағаштарын рұқсатсыз кескен. Гу соған жауап ретінде түнде Чжунның құс фермасына бірнеше рет барған.

Гу фермаға кіргенде, құстар үркігеннен бұрышқа соғылып, өліп кетті.

Біріншісінде ол баса көктеп кіріп, тауықтарды қысып, 500 балапанды өлтірді. Оны полиция ұстап, Гу Чжунға 3000 юань (193 мың теңге) көлемінде өтемақы төлеуге мәжбүр болды.

Бірақ ол мұнымен тоқтап қалмай, екінші рет фермаға кірді. Бұл жолы 640 тауықты өлтірді.

Сейсенбіде Хэнъян соты Гу әдейі Чжунға "мүліктік шығын" келтірді деп шешті.

Қытай билігі 1100 тауықтың құны 13 840 юань (892 мың теңге) деп бағаланғанын айтты.

Сот Гуды бір жылға сынақ мерзімімен алты айға бас бостандығынан айырды.