Қытайдың солтүстігінде балалар арасында респираторлық вирус тарап жатыр.
ERNUR.KZ. "Би-Би-Си"-дің мәліметінше, елдің кейбір аудандарындағы ауруханалар науқас бүлдіршіндерге лық толған. Емдеу мекемелерінде оттегі маскаларын таққан кішкентайларды көруге болады, деп жазады zakon.kz.
Қытайда вирустың өршуіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдап, ел билігінен өткен аптада бұл ауруға қатысты ақпарат беруді сұраған.
Қытай билігі болса, тұмаудың өршуін ковидке қарсы шаралардың доғарылуымен байланыстырып отыр.