Мұндай ұсынысты депутат Дайва Ульбинайте жасады.
Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Литва Сеймінің депутаты Дайва Ульбинайте 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуді және платформаларды қолданушылардың жасын міндетті түрде тексеруге міндеттеуді көздейтін заң жобасын ұсынды, деп жазады BAQ.KZ.
Delfi.lt сайтының мәліметінше, бұл өзгерістер әлеуметтік желілерге тәуелділіктің артуы және балалардың денсаулығына төнетін нақты қауіптерді ескере отырып бастама ретінде көтерілген.
“ Темекі, алкоголь немесе құмар ойындар сияқты қауіпті дүниелерге жас шектеуі қойылады. Сандық кеңістікте де адамның «цифрлық кәмелет жасына» жеткенін білдіретін нақты шек болуы керек және сол жастан бастап ол өз әрекетіне өзі жауап бере алуы тиіс. Сондықтан мен әлеуметтік желілерді 16 жастан бастап пайдалануға рұқсат беруді және әлеуметтік желілерді жасты шын мәнінде тексеретін тиімді жүйелерді енгізуге міндеттеуді ұсынамын. Жай ғана белгі қоя салу жеткіліксіз “, - деді түзетулердің бастамашысы Ульбинайте.
Оның айтуынша, өзгерістер күшіне енгеннен кейін әлеуметтік желі қызметін ұсынушылар қолданушының жасын нақты растауға мүмкіндік беретін сенімді технологиялық тетіктерді қолдануға міндетті болады.
Әлеуметтік желі платформалары 16 жасқа толмаған тұлғалардың заңды негізсіз тіркелуіне және сервистерді пайдалануына жол бермеуге тиіс. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда платформалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


