Лондонда ер адам көшедегі жүргіншілерге қышқыл шашты

0
1 196

Зардап шеккендер арасында екі бала бар.


Лондонда ер адам көшедегі жүргіншілерге қышқыл шашты

ERNUR.KZ. Лондонда ер адам көшедегі жүргіншілерге қышқыл шашып, кем дегенде 9 адамды жаралады. Зардап шеккендер арасында екі бала бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Daily Mail басылымының жазуынша, қаскөйдік белгісіз химиялық затпен жасаған шабуылы салдарынан тоғыз адам ауруханаға жеткізілді.

«Зардап шеккендердің үшеуі – әйел мен оның екі кішкентай баласын ауруханаға жатқызуға тура келді», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында тағы бес адамға медициналық көмек көрсетілді. Олардың барлығын Лондон жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Оқиға орнына шақыртумен келген үш полиция қызметкері де ауруханаға жатқызылды.

Лондон полициясының ақпаратқа сәйкес, оқиға Клэпхам-Лессар-авенюінде болған. Белгісіз ер адам көшеде 2-3 жас шамасындағы балаларымен кетіп бара жатқан әйел жаққа әлдебір улы зат лақтырып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен. Сұйық қышқылдан кездейсоқ тағы үш жүргінші мен полицейлер зардап шеккен.

Қазіргі уақытта полиция шабуылдаушыны ұстау және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық күшті (тіпті тікұшақ та) тартып жатыр. Оқиға орнында ер адамның ақ түсті көлігі есігі ашық күйінде қалған.