Лукашенко қайтыс болған жағдайда биліктің ауысуы туралы жарлыққа қол қойды

0
961

Бұл ретте ел аумағына кідірместен төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі.


Лукашенко қайтыс болған жағдайда биліктің ауысуы туралы жарлыққа қол қойды

ERNUR.KZ. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко №2 "Егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы" декретке қол қойды, деп жазады Stan.kz.

Құжатта ел басшысы қастандық, терроризм актісі, сыртқы агрессия, басқа да зорлық әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайда барлық мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне сәйкес әрекет етеді. Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына премьер-министр басшылық етеді.

Бұл ретте ел аумағына кідірместен төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі. Оны қамтамасыз ету шаралар тізімін Қауіпсіздік кеңесі анықтайды. Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін барлығы еш қарсылықсыз орындауға міндетті.

Негізгі сұрақ сайлау туралы болмақ. Қауіпсіздік кеңесі губернаторлардың қатысуымен оны өткізу туралы шешім қабылдайды. Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған. Декрет оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.