Мадагаскар президенті елдегі қарсылықтар аясында үкіметті тарату туралы мәлімдеген еді.
Сурет: Instagram/andry_rajoelina
RFI радиостанциясының мәліметінше, ол Франция президенті Эммануэль Макронмен жасалған келісім аясында елден кеткен. Радзуэлина алдымен Сент-Мари аралына тікұшақпен жетіп, одан кейін Францияның әскери ұшағына отырып, болжам бойынша Дубайға бағыт алған.
Дегенмен, француз билігі олардың араласуы тек президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен ғана байланысты екенін және әскери араласумен байланысы жоқ екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Мадагаскар президенті елдегі қарсылықтар аясында үкіметті тарату туралы мәлімдеген еді. 25 қыркүйектен бері арал елінде электр және су жабдықтарының үзілуіне байланысты жаппай наразылықтар болып, кейін ол бүлікке ұласты.