Магниттік толқын Жерге жақындайды

0
1 243

Тіпті дені сау адамның өзі магнит толқынын сезінуі мүмкін.


Магниттік толқын Жерге жақындайды

ERNUR.KZ. 15 шілде геомагнит (магниттік) толқын Жерге жақындайды, деп жазады sn.kz.

Сарапшылардың айтуынша, толқынды күннің қатты сәуле шашуынан анықтауға болады. Болжам бойынша, соңғы 10 жылдағы ең күштісі осы толқын екен.

Бұл құбылыс адамдарға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Көбі өздерін нашар сезінеді, кейбірін ұйқы басады, біреуі ұйқысыздыққа ұшырайды.

Тіпті дені сау адамның өзі магнит толқуын сезінуі мүмкін.

Дауыл аяғы ауыр келіншекке, балаларға, егде тартқан адамдарға қауіп төндіреді.

Магниттік толқынның әсерінен өзіңізді қорғау үшін стресс пен ауыр жұмыстардан аулақ болыңыз. Ұйқыңызды қандырып, таза ауада тыныстаңыз.

Таңертең қан айналымын жақсарту үшін жаттығу жасаңыз.

Кофе мен алкогольден бас тартыңыз - оларды су мен тыныштандыратын шайға ауыстырыңыз. Сондай-ақ, дұрыс тамақтаныңыз, сарапшылар тойып тамақ жемеуге кеңес береді.