Марқұмдардың сүйегі жеткізілген мекемені полиция қоршауға алған.
ERNUR.KZ. 27 тамыз күні кешке "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің сүйегін Тверьдегі мәйітханадан белгісіз бағытқа алып кеткен, деп жазады stan.kz.
23 тамыз күні Тверь облысында болған ұшақ апатынан зардап шеккендердің сүйегі оқиғадан бір күн өткен соң Тверь сот-медициналық сараптама бюросына жеткізілді. Сол күні марқұмдардың сүйегі жеткізілген мекемені полиция қоршауға алды. Ал күні кеше Евгений Пригожиннің денесін Тверь мәйітханасына алып кетті деген ақпарат тарады. Кешкісін жағдаймен таныс ақпарат көздері "Вагнер" жеке әскери компаниясының қызметкерлері қайтыс болған командирдің сүйегін Санкт-Петербургке алып кеткенін растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Евгений Пригожинді жерлеу рәсімі 29 тамызда өтуі мүмкін.
"Пригожин - Ресей батыры. Теориялық тұрғыдан алғанда, оның жерлеу рәсімі шенеуніктердің қатысуымен салтанатты түрде, әскери құрметпен өтуі керек. Бізде барлығына заң бірдей. Егер ол көтерілістен кейін батыр болып қалса, оны батыр ретінде жерлеу керек", - деді депутат Виктор Соболев.
Бұл ретте саясаткер шешім қабылдаған кезде 23-24 маусымда болған бүлік ескерілетінін айтты.
Айта кетейік, "Вагнер" ЖӘК басшысының әрекеті сатқындық ретінде бағаланып, оны билік пен ресейлік "элита" өкілдерінің барлығы айыптаған болатын.