Польша елінде тоңазытқышта жатқан мәйіт тіріліп кетіп, түнгі клубқа барған
ERNUR.KZ. Тоңазытқышта жатқан мәйіт тіріліп кетіп, түнгі клубқа бет алды Польша елінде тоңазытқышта жатқан мәйіт тіріліп кетіп, түнгі клубқа барған деп жазады ktk.kz.
Семяновице-Сленске деген Польшаның қаласында алкогольден уланып "өлген" адам мәйітханада оянып кетіп, тағы да ішу мақсатында түнгі клубқа кетіп қалған.
PatrztuNews басылымы хабарлағандай, 31 жастағы ер адамды түнгі клубта есінен танып жатқан жерінен өлді деп санап, аурухананың мәйітханасына апарып тастапты. Поляк алкогольдік сусынды аямай ішкен. Сосын өзін нашар сезінген. Шақыртылған дәрігерлер оның өліп қалғанын анықтаған. Сөйтіп мәйітханаға апарған.
Алайда оның қызығы бұнымен таусылмады. Ол мәйітхананың тоңазытқышында тіріліп кетіп, айқай салып көмекке шақырады. Мәйітхана күзетшісі "мәйіттің" дауысын естіп жүрегі жарыла жаздапты. Мәйіт жәшігін ашып қараған күзетші, қатты тоңып, суықтан дірілдеп жатқан ер адамды көреді. Ол жамылатын көрпе сұрапты.
Тоңазытқыштан "тіріліп" шыққан еркек жылынып алған соң ауруханаға жатудан бас тартып, түнгі клубтағы көңілді кешті жалғастыруға кетіп қалады. Ал "өлді" деп анықтама берген дәрігер енді сот алдында жауап бермек.