Талаптар 2026 жылдың қазан айында күшіне енеді.
Фото: IM Maldives
ERNUR.KZ. Мальдив парламенті шетелдік туроператорларды, туристік агенттіктерді және онлайн брондау платформаларын Мальдивтің ішкі кіріс басқармасында (MIRA) тіркелуге және туристік тауарлар мен қызметтер салығын (TGST) төлеуге міндеттейтін заң жобасын қабылдады, деп жазады inform.kz.
Талаптар 2026 жылдың қазан айында күшіне енеді.
Реформа мемлекеттік бюджетке жыл сайын шамамен 1,61 миллиард Мальдив руфиясын (105 миллион АҚШ доллары) қосымша кіріс әкелуі тиіс.


