Мәскеуде төбелестен кейін белгілі актердің ұлы ауруханаға түсті

0
867

Жас жігіт басынан қатты соққы алып, есінен танып қалған.


Мәскеуде төбелестен кейін белгілі актердің ұлы ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Мәскеуде "Гражданин начальник", "Штрафбат", "Охота на пиранью", "Ликвидация", "День Д" фильмдерінде ойнаған 53 жастағы театр әрі кино актері Максим Дроздтың ұлы аяусыз соққыға жығылды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ұлым ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Сауығып кетуі үшін тілеулес болуларыңызды сұраймын", - деді танымал әртіс.

Алайда ол болған оқиғаның егжей-тегжейін ашып айтпады, тек ұлының аяққа тұрып кетуін тілейтінін айтты.

Басылым мәліметінше, 11 желтоқсанда кешке Мәскеудің батыс жағында төбелес болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, төбелескендердің мас болғаны айтылады. Жас жігіт басынан қатты соққы алып, есінен танып қалған. Ол Боткин ауруханасына түсті.

REN TV арнасы дәрігерлер 24 жастағы науқасқа бас миының контузиясы, бас сүйегі сынған деген диагноз қойғанын хабарлады. Сонымен қатар, дәрігерлер субдуральды гематоманы анықтаған.