Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
ERNUR.KZ. Мәскеуде Электрозауыт станциясында жаппай төбелес болды, жазады tengrinews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, төбелеске қатысқандардың бірі қайтыс болған, тағы үшеуі жарақат алған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мас күйде болған жігіттер төбелескенін айтқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.