Жерасты автотұрақтарға су толып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. 15 шілде күні таңғы уақытта Мәскеу аспанын қою бұлт басып, қатты жауын мен найзағай басталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Павелецкая набережнойында санаулы минуттарда көшені су басты – тұрғындар резеңке етікпен жүруге мәжбүр болды.
Автозаводская көшесінде көліктің ішінде қалған екі адамды құтқаруға тура келген.
Нөсер салдарынан Мәскеудің бірнеше ауданында бизнес-орталықтар мен сауда орталықтарының автотұрақтарын су басты.
Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің аулаларындағы көліктер де су астында қалып, ондаған көлік зақымданды.
Қала билігі мен төтенше жағдайлар қызметі жаңбыр тоқтағанға дейін сыртқа шықпауға, жеке көлікпен жолға шықпауға кеңес береді.